Өлеңдер ✍️

  27.04.2022
  206


Автор: Рафаэль Ниязбек

МАХАМБЕТ ТҰҚЫМ СЕБІЛМЕЙ

Теңдікке жетіп, толсақ та,
Қуанып ерте қол соқпа.
Бір Махамбет керек-ау,
Тәуелсіз ел болсақ та.
Қыз туады некесіз,
Ұл өседі шекесіз.
Махамбет егер жоқ болса,
Мұратқа қалай жетесіз.
 Жылап келіп өмірге,
Өмірден жылап кетесіз.
Болса да таудай тұлғалы,
Қазақ –
саясаттың құрбаны.
Ендеше керек бұл елге
Махамбеттердің туғаны.
Арылмай құлдық санадан,
Болашақ күтпе баладан.
Бақан беттер неге туады,
Махамбеттер тумай анадан?!
Көзіне өжет жыр тұнбай,
Күн кешкен жүдеу жұртым-ай!
Анаға тартып қыз тумай,
Әкеге тартып ұл тумай,
Көңілің сенің жыртылды-ай,
Аспанның қоңыр бұлтындай.
Ұсақтап кетті сардар ел
Тұқымы өсіп, құлпырмай.
Асығы алшы түсе ме,
Асыл задалыққа ұмтылмай.
Тоналып, тозып бай дала,
Көз жасқа толған сай-сала.
Махамбеттерді туатын
Жатыры асыл қайда Ана?!
Жазылмай жүрек жарасы,
Азған жоқ қазақ Анасы.
Еркектер бұған кінәлі,
Араққа уланған санасы.
 Зәрлі уға бөгіп айнала,
Тербеледі әлсіз жай ғана.
Махамбет тұқым себілмей,
Махамбет тусын қай Ана?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу