27.04.2022
  1234


Автор: Дұға оқу

Сауабын періште жаза алмайтын дұға

Кімде-кім "Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" - десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбырынып:

-Йa, Раббым, мына пендең осындай мақтау айтты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді.

Сонда Мейірімі шексіз
Алла Тағала:
-Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.

Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен. Сол періште тұрып:

-Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой, - дейді екен.
___________________
СУБХАНАЛЛАҺ !

КҮНДЕЛІКТІ ДұҒАҢЫЗҒА ҚОСУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу