26.04.2022
  498


Автор: Рамазан айы

Қабыл болсын Ауыз ашар

 
Қабыл болсын бүгінгі оразамыз,
Ауыз ашар уақыты келді міне.
Ниетіміз қабыл болсын, тілегіміз,
Құлақ түріп Жаратқан бұл үніме.

Таңертеңнен кешке дейін дұға қып,
Ауызымды ашар сәтке келдік біз.
Жаратқаным қабыл етсін тек қана,
Кешіріліп жасаған бұл күнәміз.

Қабыл болсын тілегіміз, дұғамыз,
Аузымызды ашарда айтар біздердің.
Тек жақсылық орнасыншы тек қана,
Дұғаларды қабыл қып біз, сіздердің.
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу