Өлеңдер ✍️

  25.04.2022
  1478


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Әке туралы толғау


 


Әке деген асқар тау білесің бе,


Әке деген биік шының сезесің бе.


Әке деген аққан бұлақ нәр беретін,


Әке деген жол көрсетер кенесінде.


            Әке деген бойдағы күш-жігерде,


            Әке деген қолдайтын тілеуінде.


            Әкен барда қамалсың алынбайтын,


            Әке деген қорғаның, тірегіңде.


Жылдар жылжып зымырап сапырылды,


Жастығымның шалғыны жапырылды.


Асқар тауым, бәйтерегім құлаған күн,


Қара суық кенеттен қапыда ұрды.


            Ұлдарының ортаншы білуші едің,


            Сүйсініп сырттан қарап тұрушы едің.


            Жалғастырып келеді жолыңды әке,


            Мұратына талпынып ұлын сенің.


Тағдыр талай қырын салды сірә маған,


Қиындыққа мойымады мына балан.


Мұнайғанда сипайтын мандайымнан,


Өзіңді ойлап кейде іштен жылап алам.    


            Өзіңнен ақыл, пікір, ойым бәрі,


            Асқар тауым, қаның мына бойымдағы.


            Бауырларға қамқор бол деп борышымды,


            Көтеріп келем әке мойындағы.


Сағынам әке кейде кенесінді,


Көрмей кеттің мен шыққан белесімді.


Енді қайта білсемде келмесінді,


Қу сағыныш алады неге есімді.


            Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
            Ел есінді іздегенде жасып қалам.


            Әке сенің жоғынды білдірмейм деп,


            Туысқанға мейрімімді шашып тұрам.


            Әке сенің жоғынды білдірмейм деп,


            Туысқанға мейрімімді шашып тұрам


Көк жиектен көрінген кеме сынды,


Елесінді іздеймін, елесіңді.


Енді қайта білсемде келмесінді,


Қу сағыныш алады неге есімді.


Енді қайта білсемде келмесінді,


Қу сағыныш алады неге есімді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Н.Кучикова
Н.Кучикова 16.05.2022 23:42
Привет! Я так поняла, что ты сочинил такую замечательную песню в память об отце !!! Когда его не стало? Иманды болсын!
Талғат Мусаев
Талғат Мусаев 16.05.2022 23:26
Құтты болсын ! Алар асуларыңыз көп болсын !
Ерқанат
Ерқанат 16.05.2022 23:20
Абеке тамаша! ???Әкеңізге деген сағыныш... Әруағы разы болсын!
Жанарыс
Жанарыс 16.05.2022 00:19
Ассалаумағалейкум, Айтеке! Ғажап екен! Құтты болсын! Қуаныштымын. Сіздің мұндай өнеріңізді білмейді екенмін. Жақсы әрі жаңа әндеріңізді жиі тыңдайтын болайық.
Гүлнар
Гүлнар 16.05.2022 00:08
Өте керемет ән екен! ??????
Сәуле
Сәуле 15.05.2022 23:56
Жүрегіңіз не деген толған лирика. Тамаша
Анара
Анара 15.05.2022 23:54
Добрый день Айтбек Рымбекович! Очень красивые слова песни! Светлая память!
Сауле
Сауле 15.05.2022 23:49
Құтты болсын ! Алар асуларыңыз көп болсын !
15.05.2022 20:14
Керемет туынды. Иманы жолдас болсын. Сәттілік тілеймін
Өте әдемі ???
Өте әдемі ??? 02.05.2022 00:14
Тамаша

Пікір жазу