Өлеңдер ✍️

  25.04.2022
  733


Автор: Жеңіс күні

Құтты болсын жеңіс күні

Жеңіс күні, жеңіс туы желбірейді,
Қазағыма дем беріп алыс қырдан.
Ардагерлер есімі мәңгі өлмейді,
Жеңіс күнін біздермен табыстырған.

Тек солардың арқасы жүрсек күліп,
Біздер үшін еткендер жанын құрбан.
Ұрпақтары еске алып, жүред(і) біліп,
Жеңіс отын қарайлап, жанып тұрған.

Жеңіс күні қуанышқа кенелткен күн,
Қанды шайқас соғыстың кезі біткен.
Жеңіс туы самалмен тербелген күн,
Бейбіт күндер орналып көптен күткен...
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу