Өлеңдер ✍️

  25.04.2022
  919


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс туы мәңгілік желбірейді

Жеңіс туы мәңгілік желбірейді,
Қазағымдай отаным, елім барда.
Қазақ елі бодандыққа жол бермейді,
Ынтымақ пен жүректе сенім барда.

Ардагерге алғыс көп, бас иеміз,
Елі үшін аянбай жанын берген.
Жеңіс туы желбірейді мәңгілікке,
Қазағыма қуатын, сәнін берген.

Еске аламыз ардагер аталарды,
Бауыржандай Момышұлы қайсар болған.
Қазағымның батырлары мәңгі есте,
Мейрімді жандары жайсаң болған.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу