Өлеңдер ✍️

  24.04.2022
  82


Автор: Рафаэль Ниязбек

ШАМЫРҚАНҒАН БОЛАТ ШАҒЫНДА


Таусылған амал, айласы
Махамбеттің Қайғы – асы.
Исатай сардар өлгенде,
Шарт етіп сынған найзасы.
Достығы берік құрыштай,
Еді ғой егіз туыстай.
Исатай батыр өлгенде,
Қақ бөлініп сынған қылыштай.
Қауымшыл еді жасынан,
Қалмайтын еріп қасынан.
Исатай батыр өлгенде,
Дулығасы ұшқан басынан.
Ақырып жауға ұмтылған,
Алдында оның кім тұрған?
Исатай батыр өлгенде,
Сауыт боп қоса жыртылған.
Исатай ердің барында,
Ойнаған аттың жалында,–
Махамбет тарлан бөрі еді,
Шошытқан ханды тағында.
Шарт сынбаса игі еді,
Шамырқанған болат шағында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу