Өлеңдер ✍️

  24.04.2022
  349


Автор: Рафаэль Ниязбек

САРБАЗДАР ӨЛІП БІТКЕНДЕ

Қазақ пен қазақ айқасып,
Бір-бірін ұрып құлатқан.
Қазақ пен қазақ шайқасып,
Бір-бірін соғып сұлатқан.
Қазақты қазақ қаралап,
Бір-бірін тыққан түрмеге.
Жүрегін, жанын жаралап,
Талатқан бүйі, бүргеге.
Құдайға емес, патшаға
Бөксесін бұрып жағынған.
 Сатылып қағаз ақшаға,
Оқалы түйме тағынған.
Азаттық тілеп жылаған,
Арбаға шандып байланған.
Ақырып теңдік сұраған,
Итжеккен жерге айдалған.
Ақиқат сөзді қолдаған,
Жалаға ұрынып шатылған.
Сырт көзден елін қорғаған,
Сол бойда дереу атылған.
Жақсылық алдан күткенде,
Бағымды кімдер байлаған?
Сарбаздар өліп біткенде,
Сары орыс елді жайлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу