Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  142


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жол

Шеккен сапар керуендер,
Тізбектеліп таспа жолда.
Сыр берместен айналды жер,
Салды жұртты қасқа жолға.
Қасқа жолмен шаптым талай,
Шашып опа жусандарға.
Би биледі әнші қурай,
Құттьқтады шулап қарға.
Өтті күндер, өтті жылдар,
Түзге оралар кезім келді.
Жаңарыпты белес-қырлар,
Бүге түсіп тәуке белгі.
Жатыр асфальт қоңыр – қара,
Құлпырады құндызға ұқсап;
Даңғыл жолда озып дара,
Ақтым қызыл жұлдызға ұқсап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу