Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  103


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сапырып көңіл күйін тереңдерден

Сапырып көңіл күйін тереңдерден,
Жасаймын сиқыр сусын өлеңдерден.
Лебізім құлақ құрышын қандырады,
Әлемде қашады тек кереңдерден.
Лаулаған тұла бойым қызыл өлең,
Өлеңнің жалынына жүзіп өлем.
Көктеммен көріскенше асығам мен,
Өмірімнің келе жатып күзіменен.
Арада алты ай жатыр қар жамылған,
Бетіне сары аяздан зәр жағынған.
Шиқылдар ақ белесте алақаншық,
Адасып шілдедегі сар сағымнан.
Шыдатпай шалғайдағы өрттің лебі,
Сөгілер сықырлаған серттің белі.
Сыланған сұлу қыздай шығар көктем,
Табылып табиғаттан дерттің емі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу