Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  86


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Энциклопедия

Саусағымды қаусатады кейбір дос,
Ендің – деп – сен, «Энциклопедияға».
Құттықтауына, әрине, көңілім хош,
Бірақ өмірім жарты бетке сия ма?!
Қалдың, – дейді достарым,– сен мәңгіге,
Болмас па екен онда өзгеге обал?
Бұнда да емес, бірақ, әңгіме,
Қадырың кетсе, дүниеден жоғал!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу