Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  124


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шырылдауық сағат

Шырылдайсың таң атпастан,
Шошыған жас бөбектей.
Көңілімді ашып ұйқы басқан,
Түн сағатын көбейтпей.
Бұзғаныңа ұйқы шырқын,
Зәрредей де өкінбен.
Шалғайға ұзап үміт шіркін,
Аз ұйықтауға бекінгем.
Көп тербеді сиқыр ұйқы,
Есейгенше бала ғып.
Бала өмірі ұйқы-тұйқы,
Қалдым түстей шала ұғып.
Таң сәріден сорлы тауық,
Үй айнала құрқылдап;
Маза бермей ауық-ауық,
Шақырғанда сұңқылдап.
Тұрушы еді елгезек шал,
Көпті керген баяғы;
Өргізбек боп өріске мал,
Тық-тық етіп таяғы.
Бақсам енді, кенже қаппын,
Өткен күннің орны бос.
Ең болмаса келер шақтың,
Көңілін аулар болшы дос.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу