Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  88


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шықпайды жас көзімнен

Шықпайды жас көзімнен,
Боздайын десем.
Артылмас шер өзімнен,
Қозғайын десем.
Жылап тұрып, күлсең сен.
Күлкіңді кешірем,
Күліп тұрып, еңіресең,
Тағдырға өшігем!
Жылаудың сырын мен білем,
Көзіме жас іркілген.
Бақастан жорта кем күлем,
Садаға кетсін күлкімнен!
...Өмірді мен түсінем,
Өмірім мені түсінбес.
Аспаймын тең кісіден,
Кескіні келсе пішімдес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу