Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  136


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Көз көргеннен

Тұрмыс мені желсөзге серік қылған,
Маған да жұрт қосылды, еріп қырдан.
Кей серігім желікті желсөзімнен,
Өзіме де обал жоқ, қарап тұрман!
Бар да шығар менде де, мүмкін, желік,
Көргенім жоқ мен, бірақ, түлкіге еріп.
Жел сөз, төл сөз баршасы өлеңімде,
Симағанға өлеңге көңілім жерік!
Мен бір өлең жазамын көз көргеннен,
Туа жат боп, өзімнен өзгермеген.
Календардан бұйырмас жалғыз парақ,
Алып-қашпа ғаламда сөзге ергенмен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу