Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  96


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Алмаға

«Әлімқүлиха» деймін мен еркелетіп,
Көргенім жоқ еркеме әсте зекіп.
Кім екенін әкеңнің білерсің соң,
Оқығанда өлеңін сен ержетіп.
Көз алдыңда өтті бір менің тойым,
Көрінді ме ол, кім білсін, саған ойын.
Екінші той болар ма көзім жетпес,
Келем қумай мен атақ өмір бойы.
Көрсем сенің тойыңды – бір тілегім,
Жан пида етер перзентке ғұрпым менің.
Шыбық емес қондырған бөтен жерге,
Сені өсірген тамырлы бәйтерегің!
Болса үйде дүрдараз мұңаясың,
Айтуға сен себебін ұяласың.
Мен қарлығаш аузымен жем тасыған,
Оңайлықпен қияды кім ұясын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу