Өлеңдер ✍️

  23.04.2022
  135


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жоғалған дәптер

Ақынмын ба, осы мен жыршымын ба,
Шыншыл өлең қиылды қыршынында.
Талай дәптер жоғалды сапарда ұзақ,
Бір шығыннан душар боп бір шығынға.
Төл сөз емес, көшірме-көшірме ғой,
Оқымай-ақ өткенді өшір де қой.
Керек болар, кім білсін, бір өзіме,
Менің кегім өткеннің өшінде ғой.
Енді іздеймін жадымда қалғаның мен,
Жастық шақтың жоғалған арманын мен.
Оң қалтадан ұрланған бейне ақшаның,
Сол қалтада тұрамын қалғанымен...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу