22.04.2022
  319


Автор: Дұға оқу

Қырсық әйелдің, жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну


Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.а.у.) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын»”. Әт-Табарани «әд-Ду’а» 3/1425. Хадис сахих (сенімді).

«Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа».

Адам Пайғамбардың (с.а.у.) тәубе жасағанда айтқан дұғасы

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Аъраф» сүресі, 23-аят).

«Роббәнә заләмнә әнфусәнә уәил ләм тәғфир ләнә уәтәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу