Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  107


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТОҚСАНДАҒЫ СОҚЫР ШАЛ

Өзен еді жасында арна ақтарған,
Дарақ еді жайқалып, тармақталған.
Өмір – айдын болса егер,
бұл күндері
Шал – бір балық сұм тағдыр қармақ салған.
 Қарап қалса немере, шөбереге,
Көсегесі қарттардың көгере ме?
Тоқсандағы соқыр шал кейде ұқсайды,
Айдалаға үйілген шөмелеге.
Ғұмыр кешкен үй салып,
қора салып,
Қарттың неге барады көзі аларып?
Жаңбыр шайған жартастай отырғаны
Ертелі-кеш көзінен сорасы ағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу