Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  253


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАЛА БАСТЫҚ

Қайнамаған тіршілік тынысында,
Жарқыл қағып кете алмас жұмысында.
Ойда жоқта бастық боп шыға келдің
Жұрттың жаны тұрғанда қыл ұшында.
Жаңа көріп ұшқанын көкке үйректің,
Келмей жатып қанша ақыл көпке үйреттің.
Сені бастық болар деп кім ойлаған
Желідегі бірі едің көк түйнектің.
Жақсылыққа жаны қас жатсың ба әлі,
Неге елімнің өспейді ақ сұңқары?
Қалай салмақ саламын,
белің сенің
Тұрған жоқ па шабақтай шарт сынғалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу