Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  81


Автор: Рафаэль Ниязбек

СҮЙЕМ ДЕМЕ

Туған елдің айналмай уығына,
Көтерілген жан бар ма тұғырына.
Отанымды, ағайын, сүйем деме,
Егер төзе білмесең суығына.
Қара құстың айналмай құзғынына,
Қажет болса, ып-ыстық түс құмына.
Отанымды, алайда, сүйем деме,
Егер күйе білмесең ыстығына.
Құдайдан да қорықпай, халықтан да,
Елін сатқан сұм аз ба тарыққанда.
Естен тана жаздайсың
Солар қазір
Отанымды сүйем деп жаныққанда.
* * *
Арлы анадан арман қуып туғасын,
Қай азамат ата жолын қумасын.
Құйын, дауыл тұрсам егер жолатпай,
Туған елдің көлі неге тұнбасын.
Тіршілікте кімге өкпе, наз артам,
Көктем болып жердің өзін жасартам.
Ақымақтар жүріп өткен жерлерді,
Арғымақтың тұяғымен тазартам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу