21.04.2022
  493


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі посткеңестік елдерді орыс тілін дамытуға шақырады

 


Мəскеу, 19 ақпан, Интерфакс. – Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі Олжас Сүлейменов посткеңестік елдерді орыс тілін белсенді түрде да- мытуға шақырды.


«Əлемде ұлтаралық қатынас тілі проблемасы бар. Бізде КСРО-да ұлтаралық қатынас тілі болған, жəне де орыстан басқа барлық ұлттар екітілді болған», – деді Олжас Сүлейменов сенбі күні Мəскеуде өткен əлем əзербайжандары өкілдерімен болған кездесуде.


Ол «əзербайжандардың да, қазақтардың да осы бай əрі құдіретті тілді меңгергендігін» атап өтті. «Менің кейбір республикалардан көріп отырғанымдай, қазір оны жоғалту – өз мəдениетін, өз болашағын жұтаңдату деп ойлаймын» – деп атап өтті Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі.


«Болашақ əзербайжандар мен қазақтар бəрібір ұлы Ресей елімен көр- шілес болып қала беретіндігін» атап көрсетті. «Орыс тілі арқылы біз əлемдік мəдениетке шықтық. Қазір біз бұл процеске қолдау көрсететін болсақ, ол өзінің жалғасын табар еді. Орыс тілін оқу біздің түркі дүние- сін еш жұтаңдандырмайды, керісінше оны күшейтеді» – деді О.Сүлей- менов.


«Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі 2002 жыл, 21 ақпан.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу