21.04.2022
  732


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі рөлі

 


Кез келген тілдің қызметі оның қоғамда атқаратын рөлінен туындай- ды. Қандай да болмасын тіл белгілі бір адамдар қауымында қарым-қаты- насты жүзеге асырудың, көңіл-күй мен сезімді білдірудің, мəдени-тари- хи ақпаратты сақтаушы жəне ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің құралы бола алған жағдайда ғана мемлекеттік тіл деңгейіне көтеріле алады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызмет аясын кеңейту – қазіргі кезде- гі күн тəртібіндегі мəселелердің бірі. Қазақ тілі қоғамдағы барлық ком- муникативтік салаларға қызмет етіп, оны қолданушы тілдік орта бол- ған жағдайда ғана мемлекеттік тіл бола алады. Ал тілдік ортаның қалып- тасуына əсер ететін құрылымдардың бірі – бұқаралық ақпарат құрал- дары.


 


Бұқаралығы, аудитория ауқымы кеңдігі, тақырып мазмұнының кеңді- гі мен жан-жақтылығы, мəтіндерінің функционалдық-стилистикалық жəне мазмұндық бірлігі, əлеуметтік жəне ұлттық жағынан күрделі ауди- торияға бағытталғандығы «төртінші билік» атанған бұқаралық ақпарат құралдарының бəріне ортақ маңызды белгілері болып табылады. БАҚ – адамдардың əлеуметтік жəне мəдени қарым-қатынасының ұйымдасқан түрі, рухани жəне интеллектуалдық əсер етудің, жаңа идеялар мен көзқа- растарды таратудың күшті құралы. Бұқаралық қатынас əлеуметтік құ- былыс ретінде қоғамдағы материалдық, саяси жəне идеологиялық қаты- настар құрылымының ажырамас бөлшегі болып саналады.


Барлық ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын қызметі – ақпарат тарату жəне əсер ету. Қазіргі БАҚ-та ақпараттық қызметтен гөрі əсер ету, əсіресе экспрессивтік əсер ету қызметі басым. Бұл нарық заманының бəсекелестік саясатынан туып отыр. Ақпарат құралдары санының өсуі, ақпарат алу мүмкіндігінің көбеюі оқырманды, тыңдарманды, көрермен- ді өзіне тарту, оның қызығушылығын арттыру үшін əр түрлі əдіс-тəсіл- дерді, амалдарды қолдануға алып келеді.


Ақпарат қабылдаушының ұлттық ой-санасының өзгеруі де журналис- тикаға жаңаша көзқарасты талап етіп отыр. Ақпарат тілі бұрынғы стан- дарт қолданыстардан, шаблондардан бас тартып, қабылдаушының жасы, білімі, мамандығы, əлеуметтік жағдайын ескере отырып құрастырыла бастады. Теле-, радиохабарлардың аттарында, газет айдарларында, мақа- ла атаулары мен мазмұнында ұлттық бітімге, санаға əсер ететін тілдік қолданыстар пайдаланыла бастады. Бірақ «бұл амал-тəсілдердің барлығы пəрменді ме? Қазір кең етек жайып отырған журналистік еркіндік пен ма- териалды барынша қызықты етіп беру үшін қолданылып жатқан тілдік оралымдардың бəрі сəтті шығып жатыр ма?» деген сұрақтар туындайды.


Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғам өміріндегі маңызы өте зор, қабылдаушының санасына, ойлау жүйесіне, тіл мəдениетіне ти- гізетін əсері орасан үлкен. Жаңа тілдік оралымдар, жаңа сөздер, термин- дер көбіне ақпарат құралдары арқылы тарайды. Қарапайым тыңдаушы, оқырман мен көрермен газеттен, теледидардан, радиодан естіп, оқып білгенін сол күйінде, норма ретінде қабылдайтындықтан, ақпарат құрал- дарының тілдік норманы қалыптастыруда да атқаратын қызметі үлкен. Сондықтан ақпарат құралдары тілді, мемлекеттік тілді қолдану ісіне үл- кен жауапкершілікпен қарауы қажет.


Қазіргі қазақ баспасөзінде қазақ тілінің сөздік қорындағы əр алуан сөздер, айшықты оралымдар, мақал-мəтелдер, тұрақты тіркестер, тер- миндерді орынсыз, оңды-солды қолдану үрдісі жиі байқалады. Жеке басылымдардың көбеюі, журналистерге өз ойын ашық, еркін жазып, ай- туға бар мүмкіндіктің берілуі баспасөз тілінде стильдік бояуы жағынан əр түрлі тілдік элементтердің қолданысына алып келді. Бұл құбылыстардың барлығына біржақты теріс баға беруден аулақпыз. Дегенмен қазақ журналистерінің ақпарат құралдары арқылы айтылған ой-пікірлеріне, сөз қолданыстарына, тіпті сөйлем құрылысына, сөздердің айтылу заң- дылықтарына үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн. Өйткені бұқара- лық ақпарат құралдары арқылы ақпарат қабылдаушылар, əсіресе жастар, белгілі ой түюі немесе тұжырым жасауы, қандай да бір моральдық қаси- ет алуы мүмкін. Кейде қандай да бір сөз, сөз тіркесі, термин не сөйлемді бұлай қолдануға болмайды деген кезде, газетте солай жазылған, теледи- дардан немесе радиодан осылай айтты деген уəжді жиі естуге болады.


Журналист репортажы нақты, шындық ақпарат беруге құрылғаны жөн деп ойлаймыз. Авторлық сараптамалық бағдарламалардан басқа хабарларда тыңдаушы немесе көрерменге хабар жүргізушінің эмоция- сы, көңіл-күйі берілмеуі қажет, хабардан əр адамның өзінше ой түюі- не, шешімге келуіне жағдай жасалуға тиіс. Жас журналистердің көпші- лігіне бұл жағынан тəжірибе əлі жетіспей жатқанын жиі аңғаруға бо- лады. Көпшілікке таныла бастаған спорт шолушысының спорт ойында- рынан репортаж беру үлгісі талай айтылып та, жазылып та жүр. Тағы бір спорт шолушысының жақында Астанада өткен бокстан əлем чем- пионатының ақтық ойынында «спорт сарайында алма түсетін орын жоқ» деуі кез келген қазақтың құлағына түрпідей тигені сөзсіз. Əсер- лілігі мен экспрессиясы жағынан «яблоку негде упасть» тіркесінен де жоғары, бейнелілігі мол «ине шаншар орын жоқ» деген қолданысты неге пайдаланбасқа? Сол сияқты «ядролық қару қолдану туралы əңгімелерге əр ел өз əлінше нүкте қойғысы келіп отыр» («Жас Алаш», 30 мамыр), «...саясат тақтасындағы нəзік жыныстылардың ішіндегі жұмбақ һəм өте ықпалды жан» («Жас Алаш», 28 мамыр) деген сөйлем- дер де ойға қонымсыздау. Мұның бəрі орыс тілінің ықпалы екені даусыз. Басқа тілден ұтымды қолданыстарды қабылдау дұрыс та шығар, бірақ тілімізге, танымымызға сыймайтын жайларды айтуға, жазуға əуестен- беген жөн деп ойлаймыз. «Отбасы» сөзінің термин ретінде бекітілгеніне біраз уақыт өткеніне қарамастан газеттер əлі де «жанұя» сөзін қолда- нып жүр, тіпті «Біздің жанұя» деген газет те шығып үлгерді. Баспасөзде жіберіліп жатқан бұл кемшіліктер мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілген қазақ тілінің беделін түсірмесе, биіктетпейтіні анық. Терминдерді бұлайша жауапсыз қолдану тілімізге ала-құлалық əкеледі, қалыптасып келе жатқан бірізділікті бұзады.


Баспасөздегі емле қателері өз алдына бөлек əңгіме. Бас əріппен жазы- латын сөздер, бірге не бөлек жазылатын сөздердің емлесінде ала-құла- лықтар жиі кездеседі. Мұндай қателер əсіресе ең жоғарғы мемлекеттік ұйымдар мен лауазым аттарын жазуда көп ұшырасады. Мысалы, «Жек- сенбі күні Өзбекстан Президенті Ислам Каримов елде өткізілген рефе- рендумға қатысып дауыс берді» («Жас Алаш», 29 қаңтар), «Республика Премьер-министрі Қасымжомарт Тоқаев ... жеделхат жолдады» («Еге- мен Қазақстан», 12 қаңтар). Мұның бəрі бір қарағанда елеусіздеу көрін- генімен, басылымдарды қадағалап, оқитын қарапайым адамды, əсіре- се мектеп оқушыларын, шатастыруы мүмкін.


Тіл мамандарының қанша айтып, жазып жатқанымен, дикторлар мен хабар жүргізушілердің сөздерді айту мəнері дұрысталмай-ақ қойды. Қазақ журналистерінің сөздің айтылу əуенін, дауыс ырғағын, сөйлеу заңдылығын сақтамауы олардың қазақ тілінің үндестік заңымен жете таныс емес екендігін көрсетеді. Теле-, радиохабар жүр- гізушілердің орфоэпиялық нормаларды дұрыс білмеуі жəне журналис- тердің тіліндегі ақаулар мен олардың зардаптары туралы Р.Сыздық («Егемен Қазақстан», 3 шілде, 2002 жыл), М.Серғалиев (Жинақ: Мем- лекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құрал- дарының тілі. Алматы, 1999) жəне т.б. тілші ғалымдар талай айтып та, жазып та жүр.


Радио мен теледидардан берілетін қазақша бағдарламалардың са- пасы айтарлықтай жақсарғанымен, əлі де жетіспей жатқан жақтары біршама. Əсіресе, теледидардан түсініксіз, аяғына жеткенше басында қандай ой айтылғаны ұмытылып қалатын шұбалаңқы сөйлемдер, дүм- білез тіркестер жиі кездеседі. Мысалы, «Күн дерек» (10 шілде, сағат 00.20) бағдарламасының бір ғана хабарында «Ыстықкөлге келген тү- сушілер (!)», «нысаналы (!) азаматтардың айқайымен», «құлағына қыс- тырмады» (қазақ «құлағына ілмеді» деп айтпаушы ма еді?), «қазір де- малуға аяғын асықпай басуда (!)», «тағдырын кейінге шегеріпті (!)» сияқты ойға сыйымсыз, тіл мəдениетін төмендететін оралымдар қол- данылды. Бұл бір ғана КТК-ның басындағы емес, қазақтілді ақпарат құралдарының барлығына дерлік тəн жағдай. Мысалдардың «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінен, КТК телеарнасынан кел- тірілуінің себебі, олардың өз оқырманы мен тыңдаушысы көп, респуб- ликаның ақпарат кеңістігінде орныққан, өзіндік орнын тапқан ақпарат құралдары болуында. Олай болса осы жəне басқа да ақпарат құрал- дары тіл мəдениетін қалыптастырып, дамытуға не бұзуға, тіліміздің сөздік қорын байытуға не шұбарлауға, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу- ге белгілі дəрежеде əсер етеді деген сөз. Бұқаралық ақпарат құралда- рының қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясының кеңіп, тіліміздің сөздік құрамының жаңа сөздермен баюына, терминдердің қалыптасуына тікелей себепші болатындығы қазақ журналистеріне өз ісіне үлкен жауапкершілікпен, аса байыптылықпен қарауды жүктейді. Əрбір мемлекеттегі тілдік ахуалды қалыптастыратын негізгі фак- торлардың бірі – мемлекетте жүргізіліп отырған тіл саясаты. Тіл сая- саты арқылы кез келген коммуникативтік мақсат үшін белгілі тілдік құрылым немесе тілдік бірлік таңдалады. Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасында «Осы тұжырымдаманың мақсаты – өтпелі кезеңде тілдердің сақталу жəне қызмет ету саласындағы мемле- кеттік саясат стратегиясын əзірлеу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекет міндеттерін айқындау» деп көрсетілген. Бұл əрекеттер тіл саясаттың басты мақсаты тілдің функционалдық жағын реттеуге бағытталғандығын көрсетеді. Осы арқылы тілдің құрылымдық жағына да белгілі дəрежеде əсер етіледі. Бұл ықпал жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жасау, басқа тілдерден сөз алуды мақұлдау, ұсынылған жаңа нормаларды іріктеуден көрінеді. Тілдің құрылымдық жағына əсер ету мектеп, көркем əдебиет, театр сияқты құрылымдармен бірге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүреді. Олай болса бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекетте- гі тіл саясатын жүзеге асыру бағытында да атқаратын рөлі үлкен. Ал мемлекетіміздегі тіл саясаты, ең алдымен, мемлекеттік тілдің дəреже- сін көтеруге бағытталғанын есте ұстаған абзал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу