Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  122


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАБАЛАРДЫҢ ӨР РУХЫ

Жырынды жау ақылды, есті ме еді,
Сұлу сүмбіл денемді кескіледі.
Боздағаны бір кезде боз даланың
Төбелерден әлі де естіледі.
Жырынды жау ақылды, есті ме еді,
Сүмбіл сұлу денемді кескіледі.
Бабалардың үндері ыңырсыған
Төбелерден әлі де естіледі.
Жүрегінің бойлаған тереңіне,
Естілмесін ол үндер неге еліме?
Аруақтарға бағыштап ас берген-ді,
Кемеңгер ел келгенде кемеліне...
Ар-ұяты бетінде дуылдаған,
Ата жолын ер бар ма қуынбаған.
Төбелердің астында
бабалардың
Ыстық қаны толқындап суынбаған.
Ыстық қанын бойынан суытпаған
Бабалардың өр Рухын кім ұқпаған?
Төбелердің астынан шыға келіп,
Солар әлі елге жау жуытпаған.
Таразыны тең қойып ақ, қарама,
Бостандық кеп,
Бақ қонған шат далама.
Бабалардың өр Рухы күзетпесе,
Тыныштығы елімнің сақтала ма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу