Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  276


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Саржан

Қос аяқ саржанмен жер өлшегенде,
Болжап па ем жетерімді осы күнге.
«Дұрыс жаз табелімді» десе-тұғын,
Қартайды осы күні кейбір жеңге.
Шоламын келіп енді аңызды сол,
Жатады шалқып аңыз егіні мол.
Өгізше тізбектелген жүк машина,
Қасынан жұлма-жұлма етеді жол.
Машина астық тиеп, асығады,
Шарасыз жолға дәндер шашылады.
Бозторғай несібе терсе даңғыл жолдан,
Екінші машина оны қашырады.
Саржанның орнына енді қалам ұстап,
Тұрамын машинаны досқа нұсқап.
Досыма шежіре боп шертіледі,
Жастық шақ өткен жылдар – қиын-қыспақ.
Қара жер сепкен дәннен болған жүкті,
Білмеймін, бұрын неге сырын бүкті?
Арасы әліппенің алшаң екен,
Сол саржан қадамыма болды құтты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу