Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  363


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Ертегі

Аңқыған күннің исі киімінен,
Шопанға сәлем берем иіліп мен.
Еріп кетіп қойшыға сәби шақта,
Ертегім жоқ айтатын менің ондай,
Ертегіге ол шерткен сүйініп ем.
Бергі ертектер көңіліме қойды қонбай.
Өзімді өзім ұқпадым өмір бойы,
Кім біледі, жүрмін бе содан оңбай?!
Қайда қойшы баяғы ақта берген,
Шуда жіптей жөкеден шылбыр өрген.
Өмір жолын қайтадан бастар едім,
Оралмайды-ау сәби шақ қойшыға ерген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу