Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  258


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Күзетші қойшының жыры

Айлы түнде момақан қой аңсап таңды жатады,
Қалың өзен қыбыр-жыбыр шыбындап тіл қатады.
Бөрі әккілер баспалайды, қанды сәтін аңдиды,
Қарауыл ай бҰлт жастанып, бейғам көктен қалғиды,
Көк төбетім, көрсетесің көктегі айдан сен сақтық,
Арпылдайсың түнге оқтанып, болмас үшін ағаттық.
Мен ойлаймын екі аяқты бөрілерді елдегі,
Бейне қасқыр көмейінде бүлкіл-бүлкіл желгені.
Сен қорқасың жеті түнде баспалаған қасқырдан,
Мен қорқамын бөрілерден жанды жанға қас қылған.
Жеті үркерге айтып арыз ұлыйықшы екеуміз,
Ес білетін сен екеуміз Ұйқылы елден шеттеуміз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу