Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  89


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сиқыр бұлақ, көз жауқарын аласың

Сиқыр бұлақ, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.
Тау суының тыңдап күйін сылқылдақ,
Орнаттың ба жағаңа саз былқылдақ?
Бір ғасырда бір-ақ туар дарындай,
Жапан түзде шықтың ба әлде бұрқылдап?
Шалқырсың ба қиыр асып, көл болып,
Кетерсің бе сіңіп құмға шөл болып;
Қауын-қарбыз сабағында шымырлап,
Жатырсың ба көгендеулі төл болып?
Жарың – ағын, жұмбақ жаһан – тұрағың,
Ессе самал, сыбдырлар тек құрағың.
Сылқылдаған күлкің жайлы құлаққа,
Қайсы өзеннің сіңлісі едің, шырағым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу