Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  132


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Қаратау өрнектері

Қаратау – мәңгіліктің белгісі ғой,
Мен көрген – бертіндегі елдісі ғой.
Жаңарған елу жылда елде арман жоқ,
Жоқтарым – ежелгінің шерлісі ғой.
Айтпайды жасын кәрі таудың өзі,
Тым шолақ сыбдырлаған баудың сөзі.
Кейде ерте, кейде кеш жыр есейді,
Шертерлік шын шежіре келді кезі!
Қаратау – тұл ғасырдың тұмарындай,
Тағдырдың тастан қүйған шынарындай.
Келеді бірте-бірте сыры ашылып,
Сейілген құздың қалың тұманындай.
Жырақта Алатаудың сыңарындай,
Сәлемге сағыныштың тұнарындай.
Сары-Арқа, күрең Сырдың арасында,
Көңілдің қараңдаған құмарындай!
Қаратау – қанға сіңген ертегі-аңыз,
Саналы сансыз күйді шертеді аңыз.
Балдыздай шал жездені еткен әуре,
Бұлағы сылқылдаған ерке нағыз!
Дарытқан болмысыма ертегі – жыр
Қаратау, жұртқа сенен шертейін сыр
Қартайеам мен-ақ жалғыз қартаяйын,
Сен өзің мәңгі-бақи көркейіп тұр.
* * *
Кәрі Орал, кең Алтайдың арасында,
Шалқыған табиғаттың шарасында,
Қаратау – керуендей тізбек-тізбек,
Жаралған тарих үшін жарасымға.
«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді».
Әр жерге босқан елдің жаққан оты
Ошақта жетімсіреп өшкен еді.
Қоршап ап Қаратауды қалың дұспан,
Құрсаулап бейне қобыз бауырын қысқан.
Қиянат куәсындай қол жеткісіз,
Шаңқылдап құзар шыңнан бүркіт ұшқан.
Торланнан дүркін-дүркін жаулар асқан,
Дерттілер қарсы аттанып, саулар қашқан.
Шабысып алмас қылыш айқыш-ұйқыш,
Ұшқыннан қанды тойға шашу шашқан.
Қаратау – ежелгі деп аталады,
Жауы оның топырақ құшып, қаталады.
Қобыздың кеудесіндей койнауында,
Жел жоқтар шейіт болған аталарды.
Білмеймін Шыңғысы ма, Жоңғары ма,
Таудың тұл үйген қорым жондарына.
Тарихтың әліппесін таяқ етіп,
Түскен жоқ қарақшы өткен жолдарына.
Жасымнан көп шарладым Қаратауды,
Көкірегі қызыл-жоса жара тауды.
Тас сайын таңбаланған таның тілде,
Ежелеп, үқтым әрең сара тауды!
Мыңжылқы – Қаратаудың шоқтығындай,
Шоқтығы – қорамсаның оқтығындай.
Келіншек шың басында тасқа айналған,
Таптырмас махаббаттың жоқтырындай.
Хантағы, Қытай, Шылбыр, Қатын – Қамал,
Қан жұққан қара тасы жағал-жағал.
Дегірез бір шығында қалған шөгіп,
«Келіншек – тауға» жетпей, құрып амал.
Құрғамас зияратшы күн арасы,
Тұр тозбай Ақбикештің мұнарасы.
Сәлемдей сан ғасырға желбірейді,
Қайыңға кеткен байлап қара шашы.
Бұл таудан тоқсан тарау бұлақ аққан,
Бірі күлсе, біреуі жылап аққан.
Мұңсыз бен мұңлысына лайықтап,
Ат қойып, уәлі елім, айдар таққан.
Жарасқан сары далаға керілген бой,
Көк жалбыз көк бұрымдай өрілген ғой.
Қызғалдақ қара тасты жарып шықңан,
Өмірге сансыз келер өрімдей ғой!
Көк орай Көсеге жон жазда салқын,
Салады сауық-сайран сазда халқым.
Жайлаудың шырайындай сар шілдеде,
Жанады жапырақтан маздап алтын.
Ертеден орын тепкен аяулы ауылым,
Теріскей – саясында Қаратаудың.
Жапанда жаңқаланған жалғыз ағаш,
Аңсайды өткен кезін тартып зәулім!
Жібек жел Сары-Арқадан жаңа келген,
Желпиді жайлауды әлсіз қанатымен.
Тіршілік тыныс тауып, жатыр өтіп,
Жасарған жаңа адамның санатымен.
Үстінен құс ұшпаған айдаланы,
Самолет бейне бүркіт айналады.
Сусардың пұшпағындай тұмар қағаз,
Кей үйге, сұрап сүйінші, байланады.
Жаңғыртып радио сахараны,
Мәскеуден соны хабар апарады.
Мұхиттың ортасында қараңдаған. –
Қаратау – тірліктің бір жас аралы.
Көк тұнып, ұрлықшы ымырт үйірілгенде,
Дүние шертер сырын тілсіз күйде.
Аспаннан ағып түскен бейне жұлдыз,
Жанады қызыл шырақ киіз үйде.
Ай жүзсе шарбы бұлтта аққу қанат,
Жұлдыздар шашырайды, құдды манат!
Сөгеді бірте-бірте түн жиегін,
Атар таң күншығыстан рауандап!
Ұстатпас сиқыр күштей аңдығанға,
Етер дос құбылыс сол жанды жанға.
Ләззаты табиғаттың құйылады,
Тараған тал бойыңа ыстық қанға.
Түспеген сары жазда кір өңіне,
Аунадым Көсегемнің кілеміне.
Зергердей көкірегім тартты теңбіл,
Ұқсадым туған жердің түлегіне.
Жаттым мен табиғатқа аунап-қунап,
Көк майса сабау тимей болды тулақ.
Ғұмырымның шежіресі ақтарылды,
Бірігіп түптелмеген бейне жинақ.
Түсті еске апыл-тапыл басқан кезім,
Бозбастық белесінен асқан кезім.
Дүниеден дәме жетпес сұлу іздеп,
Серідей жас мыстаннан қашқан кезік.
¥мытпан, ғаламнан кең нені сүйдім,
Жарылар жанар таудай іштен күйдім.
Көңілім домбыраның пернесіндей,
Сырымды сөз жеткісіз күймен түйдім.
¥ршықша шыр айналып жердің шары,
Тәулікте таба берер орнын тағы.
Қүлпырар көктемеде көктеректің,
Сарғайган қоңыр күзде жапырағы.
Ауысар сансыз ұрпақ жылдарда да,
Қаратау қарар кезек Сырға, Арқаға.
Мұхитта топан баспас – бейне аралдай,
Мұнартып тұрып алар екі ортада!
Тарихтың шәркезіндей шалыс тұлға,
¥қсар тау күйрек шалға, арыс ұлға.
Бауырында сансыз ұрпаң өсіп-өнер,
Қаратау кете барар алыс жылға!
Соғармын саған талай, сен мені тос,
Сен мені ұмытпасаң көңілім қош.
Жыр да бір шежіре ғой әлемге ортақ,
Өлген соң болады ақын жауға да дос!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу