Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  114


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫН САРАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ


Жүйріктерін жол ашып көсілдірмеген,
Қай елдің де көктем боп көзі күлмеген.
Серік мырза басқарған қай өңірдің де,
Аламанға қосылып төсі дүбірлеген.
Ардан туып, көзіне тұнғалы арай,
Сардар еді сомдаған тұлғаны талай.
Ескерткішін көргенде ақын Сараның
Шықты ызалы дауысы Серік мырзаның:
«Қырын қарап қалаға тұрғаны қалай?!
Бөктергіге ол қалай бөктеріледі,
Жанарынан бұлт көшкен көк көрінеді.
Ескерткішін салардай қырын қаратып,
Ақын Сара еліне өкпелі ме еді».
Болашағын ойлаған жарқын даланың,
Ерлер жақсы біледі нарқын дананың.
Серік мырза ерінбей қайта орнатқан
Ескерткішін түзетіп ақын Сараның.
 Кеме көрме тереңге жүзе білмеген,
Оған ерген сарсылып кісі өкінбеген.
Сорламаған ел бар ма жарық әлемде,
Қателіктен кезінде түзетілмеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу