Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  80


Автор: Рафаэль Ниязбек

НҰР-АҒАНЫ ЖЫРЛАСАМ…

Шыр айналған шыңғырып шырғалаңда,
Не құдірет жоқ дейсің бұл ғаламда.
Аруақтанып кетемін қасиетінен
Нұр-ағаны айбынды жырлағанда.
Арлы анадан асыл ұл талай туған
Қуаныштан шалмасын қалай құрбан.
Нұр-ағаны жырласам толқынданып,
Көңілімнің көліне арай тұнған.
Тентек пенен телпекті алқымға алып,
Тектілерді өсірген нарқын танып,
 Нұр-ағаны жырласам жалт-жұлт етіп,
Тербетілген шалғыным жалқынданып.
Садағымнан атылып жебе күнде,
Тасқындаған шабытым ерен мүлде.
Нұр-ағаны жырласам жарқ-жұрқ етіп,
Алтын балық жүзеді тереңімде.
Мұң торласа көңілді теңбілденіп.
Өлең жазсам қаламын жеңілденіп.
Нұр-ағаны жырласам жата алмаған
Туған жердің тасы да тебіреніп.
Жаңа-жаңа мұратқа жеткенімде,
Неге ығысып қалайын шетте мүлде.
Қай азамат ту етіп көтермесін
Туған кемел Елбасын текті елімде.
Король Лирден асырып жырлар едім,
Шекспирге айналып кеткенімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу