Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  128


Автор: Рафаэль Ниязбек

САУД АРАБЫНЫҢ КОРОЛІ ФАХДТЫҢ ЕЛБАСЫНА АЙТҚАНЫ


Дүниенің өзгереді бәрі өңделіп,
Жеке өзіңді қарсы алдым әлем көріп.
Әппақ мәрмәр мешітке кірмей кетпе,
Кірмесең де корольге сәлем беріп.
Қалай тұрсын бұлттанбай байтақ аспан,
Билік үшін сұм көп те тайталасқан.
Құдай сүйген жаны игі құлға ғана
Құдай үйі есігін айқара ашқан.
Ата жұртын соңынан ерте білген
Ақ сұңқар құс сен едің жерде жүрген.
Ғасыр туған тұлғасың
Қилы кезде –
Желіп өте шығатын желге мінген.
Айы оңынан тумаған бұзылғанның,
Қызыл қаны төгілген қызынғанның.
Өткеніңді қалаймын қажылықтан
Қасиетті айында мұсылманның.
 Қабырғалы қазағың азат алып,
Өркен жайған өз-өзін жаңа танып.
Нұр үстіне, қадірлім, нұр болмай ма
Барсаң егер еліңе қажы атанып.
Жасыл жайлау жағаға іліккенде,
Бастайтындар жоқ емес бүлікті елде.
Мұсылманның баласы өлмейді оқтан
Мұсылманы жаһанның біріккенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу