Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  302


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЗАҚ ҰЛТЫ

Ана тілін білмейтін,
Ата тілін алмай және тілдейтін
Мәңгүрттердің көкірегінде
сәуле бар деп ойлама,
Санасына қаққан шеге кірмейтін.
Сырқат қоғам қашан дерттен сауықты,
Адам неге бір-бірімен жауықты.
Жар астында жасырынған жаулардан
Ел ішінің мәңгүрттері қауіпті.
Ал мәңгүрттер ұмыттырып ғұрпыңды,
Қанға майлап ұртыңды,–
Жырынды жау өлтіре алмаған
Өлтіреді рухыңды.
Ізгілікке адам бар ма бой ұрған,
Сұмдар қанша құтырынып тойынған.
Мәңгүрттердің диірменіне тартылып
Ұлттар қанша жойылған.
Күннің өзі бізге мойын бұрғанда,
Неден қорқам, сом жаралған тұлғам да.
Мәңгүрттерге майдан ашам, жан Аға,
Қазақ ұлты құрып кетпей тұрғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу