Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  390


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛБАСЫ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, ПАРТИЗАН-ЖАЗУШЫ ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВКЕ ЖЕКЕ ҮЙ БЕРГЕНДЕ

Ақ арманың бар шығар қауышпаған,
Аға, бірақ басыңнан бақ ұшпаған.
 Қартайдым деп қайғырма,
Көкірегіңнен
Жастық шағың әлі де дауыстаған.
Көңіліңнің көктемі құлпырады,
Жанарыңның ішіне жыр тұнады.
Майданда өлген соғыстың шындықтары
Көкірегіңнен әлі де шыңғырады.
Шындық қалай киімдей ескіреді,
Жүрегіңді шыңғырып кескіледі.
Боздақтардың майданнан қайтпай қалған
Көкірегіңнен үндері естіледі…
Шырқау көкке көтерген туған Айын,
Қалай өмір жолыңды бұрмалайын.
Намыс қысып, ашулы отырғаның
Бұрқ-сарқ қайнаған бурадайын.


Ел күзетіп тұрғанда жас ұланың,
Қасым аға, мұңайып жасымағын.
Сізге қайдан қол болсын қартайғанда
Көп қабатты үйлері қазынаның.
Сізге қарай ескені самалы елдің ,
Қасиетінен киелі қара жердің.
Президент үй берді бір қабатты
Жерге тиіп жүрсін деп табаны ердің.
Сардарысың ақ сауыт киген елдің,
Өзегіне айналған жиі өнердің.
Күш алатын секілді Антей құсап,
Жұмыр жерге табаны тигенде ердің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу