Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  78


Автор: Рафаэль Ниязбек

БИІККЕ ҰМТЫЛҒАНДАР

Алты Алаштың өр рухын ерен көріп,
Өсе келе жетілген кемелденіп,
Елбасы еді сыр тартқан шыңыраудан
Құдығына елінің шегенделіп.
Талай-талай кезінде сағы сынған
Туған елге ер бар ма бақ ұсынған.
Тереңдерін толқытқан Елбасы еді,
Жаңылғанда өзендер ағысынан.
Табанынан ызғарлы сыз өткенде,
Тоңған қанша қалтырап ізетті елде.
Бәрін, бәрін жылытқан Елбасы еді,
Адасқанда жол таппай мұзды өткелде.
Терең ойлап әрнені саралаған –
Өзгені де, өзін де бағалаған,
Туған елдің жыртылған ақ жағасын
Елбасы еді қайтадан жаңалаған.
Әлі талай жалғанды шөгереді,
Тіршіліктің көзінен от өреді.
Билікке емес,
биікке ұмтылғандар –
Елін жаңа биікке көтереді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу