Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  73


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚ ҚАЙЫҢ

Жел тербеткен ақ қайың ырғатылып,
Билеп тұрған жанары сырға тұнып.
Оны егіп өсірген Елбасы еді,
Құстар елге қайтқанда шұбатылып.
Көктеп биік өссін деп дүрмекті елде
Отырғызған қайыңды бір көктемде.
 Қанат жайып, жайқалып көкке өрлеген
Көңілінен күн күліп нұр төккенде.
Тіршіліктің құлындап боз биесі,
Елбасына дарыған сөз киесі.
Қайың неге қол бұлғап шақырмасын
Көрінгенде алыстан өз иесі.
Шуақ кешкен,
Нұр кешкен,
Сәуле кешкен
Қайдан шықсын қызықты дәурені
естен...
Жел тербеген ақ қайың басын иіп,
Келіншектей сызылып сәлемдескен.
Алыс, алыс елдерге жиі аттанған
Айбоз еді көңілден күй ақтарған.
Бұл күндері өзі еккен ақ қайыңы
Жұмыр жердің кіндігі сияқтанған.
Жарамсақтар тұрғанда көзі алақтап,
Елбасы еді үйренген сөз жарақтап.
Ол жанынан өткенде қалады ылғи
Ағаш екеш ағаш та қозғалақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу