Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  88


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚ ШАШТЫ АНАНЫҢ ТҮСІ

Қыдыр дарып, бақ қонған жөргегінде,
Неге кеме салмасын өрге күнде.
Бал-бұл жанып, балбырап жатыр екем
Нұрсұлтанды түсімде көргенімде.
 Ақиқаттың ауылына жиі барған
Қай көңілдің тартылсын күйі жалған.
Ақбоз аттың үстінде тұрды Елбасы
Алтын киім үстіне киіп алған.
Өзен бар ма ол барда қапалы аққан,
Күні бар ма дұшпанға табалатқан.
Үстіндегі саф алтын киімінен
Алтын сәуле шашырап шапақ атқан.
Көңілінде тұрмаса күн күркіреп,
Аспанында көше ме бұлт дүркіреп.
Елбасының арқасы шығар, бәлкім,
Елдің іші құлпырса дүркін түлеп.
Құйған талай қорғасын таңдайыңа,
Кезікпедік зауалдың қандайына.
Нұрдан туған Нұрсұлтан білсең, Елім,
Мүмкін біткен бақ шығар маңдайыңа.
Түсірмеген көлеңке сенімге еш,
Көктемдердің шуағы еліме ес.
Алтын киіп үстіне, тұлпар мініп,
Түсіме оның кіргені тегін емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу