Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  158


Автор: Рафаэль Ниязбек

КЕМЕҢГЕР ЕРЛЕР

Кезеңде мынау өтпелі,
Қай қазақ Сізге өкпелі.
Өкпелер еді шынында
Өртеніп жатса өткелі.
Кезеңнен қилы өтпелі –
Мың бақыт елдің өткені.
 Өзіңіз аман тұрғанда
Өртенсін неге өткелі.
Қара бұлт төніп көктен де,
Нөсерін құйып өткенде, –
Азамат ерсіз тұлғалы
Көктем боп ескен көк белде.
Жаныңның жауып жаңбыры,
Құлпырған жердің жал-қыры.
Бір күнге жетпей көктеген
Бүлкілдеп тастың тамыры.
Азамат ерге еңселі,
Жоқ арман егер сенсе елі.
Өзіңсің, Аға, бұл күнде
Сертінен таймас Семсері.
Үстінен шыбын ұшпаған
Ер аз ба найза ұштаған.
Кемеңгер елдің тізгінін
Кемеңгер ерлер ұстаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу