Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  101


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Қарындас, көз қиығын қашырасың

Қарындас, көз қиығын қашырасың,
Несіне сыр шіркінді жасырасың?
Шыбықтай солқылдашы, болсаң мұңды,
Көкейде көздің тамшы жасы қалсын.
Сыр жұмбақ шертілмеген ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанды құл.
Көркіңнің көлі шалқар, құстар шулар,
Білмеймін қанша шәулі сағаңда жүр.
Бейне көл күрсінеді көкірегің,
Дауылдай ішін тартқан,
өкінемін.
Сары күз сыбызғысын сыңсытады,
Көктемгі қызғалдақтың кепілі едім.
Арман көп айтылмаған ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанда құл.
Ақ селеу жеңгесінен үкі таққан
Сал самал сидам тартқан сағаңда жүр.
Жан қалқам, көз қиығын қашырмашы,
Дүрсілін жүрегіңнің жасырмашы.
Даусыңмен дірілдеген шертші бір наз,
Көңілдің ұшсын сұлу қаршығасы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу