Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  113


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Біреуге

Жүзіңде тұл қараулықтың күзі бар,
Күзіңде кіл жаяулықтың ізі бар.
Асығыңның алшысы жоқ, шігі бар,
Қасығыңның тамшысы жоқ, жігі бар.
Дәулетіңнің қоңырсыған көңі бар,
Әулетіңнің момынсынған өңі бар.
Әр пенденің ұрласатын шені бар,
Дәу пенденің сырласатын теңі бар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу