Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  324


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДӘРІГЕРГЕ БІР ТІЛЕК

Жүргін жақын,
Жүргін мейлі жырақта,
Мәз болмағын атақ, даңқ құр атқа.
Ауруларды емдеп жазсаң өзің біл,
Сау адамды ауыртпағын бірақ та.
Көз алдына сан суреттер келтіріп,
Сөз сөйлей біл сырқаттарды сендіріп.
Өлгендерді тірілтпесең – өзің біл,
Тірілерді алма бірақ өлтіріп.
Өмір үшін өмір сүрген жігітім,
Кірпік ілмей жүгірсең де күні-түн, –
 Күдер үзген жандар болса өмірден,
Үкі тағып, жалғай білгін үмітін.
Күле қара бұл өмірге асқақтап,
Не боласың бұға берсең жасқақтап.
Сұсты аңшыдан бой жасырған түлкідей
Жүрсін сенен ажал біткен қашқақтап.
Өмір үшін арпалысқа түстің бе,
Жеңіс сонда
сенім менен күш кімде?!
Қара жамылған ана, сірә, болмасын
Ақ халатың тұрған кезде үстіңде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу