Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  103


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Өмірдің өтіп сабағын

Ғабит Мүсреповке

Өмірдің өтіп сабағын,
Әлемге барлай қарадым.
Тілімнің қызыл садағын
Дұшпанына елдің қададым.
Сіңірдім бойға қаланың
Алуан тарау амалын.
Сүйдім де қоңыр самалын,
Кеңдігін алдым даланың.
Керілген түздей керенау,
Жүрісім менің кейде шау.
Алдымда, бірақ, заңғар тау,
Қойнауы жыныс, қалың нау,
Тұрса сонда тосып жау –
Тап берерлік қағілез,
Қимылым бар оқтай тез.
Жортысқанға жол бермес,
Арбасқанға дендемес,
Шымшығанға сыр бермес,
Бітене бидай көк сұлы,
Қаны теппес көк сірі, –
Болмағанға сырмінез
Тосатыным сол мінез!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу