Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  89


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сүйемін мен ботаның боздағанын

Сүйемін мен ботаның боздағанын,
Сағынышты қайдағы қозғағанын.
Сүйемін мен тырнаның қайтар кезде
Зеңгір көктен «Хош, хош!» деп созған әнін.
ІІІешем менің сауыншы, өзім ақын,
Қайда жүрсем малшыға жаным жақын.
Самолетпен аспанда келе жатып,
Сағынамын колхоздың ақбоз атын.
Қой маңыраса көрмекке қошақанын,
Мен өлеңнің қозысын босатамын.
Дөңгеленген таңы аппақ ақбөкенді
Бишісіне даланың ұқсатамын.
Сүйемін мен ботаның боздағанын,
Сағынышты қайдағы қозғағанын.
Махаббаттың базары өзіңде ғой,
Күндемейді өзгеден озбағанын.
Табиғаттың төсінде өскенмін мен,
Нелер қызық басымнан кешкенмін мен.
Шала мас боп шарапсыз сахарада,
Сары желдей сары атпен ескенмін мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу