Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  101


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жанады қызыл шоқ боп дара жұлдыз

Жанады қызыл шоқ боп дара жұлдыз,
Қара аспан кұлпырады қара құндыз.
Жүрегім сүйрік жалау бұлқынады,
Қара аспан қара құндыз құлпырады.
Құлпырып қүпиясын қызғанады,
Ай туса, сұрғылт тартып, сызданады.
Қашады ғаламға сол сұлу қиял,
Жете алмай қайтсаң жолдан, жерден ұял.
Жанады космонавтай алау жүрек,
Жарылып жол аш, шексіз қарау түнек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу