Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  123


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Аңсарым өлең еді ес білгелі

Аңсарым өлең еді ес білгелі,
Ескірді жыр, арай таң ескірмеді.
Шымшыды жүрек қылын өкінішім,
Күй сырын көкейкесті кеш білгелі.
Көңілдің түніне өлең жақты шырақ,
Жеткізбей бірте-бірте кетті жырақ.
Жанымды әлдилемей жылы лебі,
Сарғайдым сағынышта жалғызсырап.
Тиді ме құпия енші өмірден бұл,
Сырымның сыбағасын көңілден біл.
Қарайған өртке күйіп сары жұртта,
Құлпырар жылға жетпей қызғалдық – гүл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу