18.04.2022
  183


Автор: Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар күніне тілек

Құтты болсын бүгінгі бұл мереке,
Елімізді қорғаушылар, ұландар.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Биік самғар қайсарлықпен қырандар!

Бұл мереке шаттығына бөлесін,
Қолдап әркез өздеріңді ел, халқың.
Абыроймен асқақтасын әрдайым,
Ел алдында намысы биік ер атың.

Қатыгездік болмасын деп тілеймін,
Тыныш болып Отанымыз, еліміз.
Сіздердейін қорғаушы жан барында,
Тыныштықта болады біздің еліміз!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу