Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  176


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТҮС

Түс көрдім,
Қайтыс боппын түсімде мен,
Семіпті жерге беріп күшін денем.
Басына қабірімнің көп жұрт кепті,
Ел-жұрт па, сірә, мені түсінбеген.
Өлікпін,
Тағдыр құздан лақтырды,
Азалы үн аңырап бір құлақты ұрды.
Тірлікте көрместей боп кеткен досым
Бар еді,
О да келіп жылап тұрды.
 Кезінде кеуде, өкпемді ол тыңдаған,
“Анау, – деп, – барар жерің, жонды ымдаған”.
Түрегеп кеттім аяп
Сол жазғанды –
Өксігін баса алмай көп солқылдаған.
Хақым жоқ елден, жұрттан жырақтауға,
Қарыздар қанша айтсаң да бұлақ тауға.
Мен, жалпы, бұл өмірге келсем керек
Дос түгіл, қасымды да жылатпауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу