Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  246


Автор: Рафаэль Ниязбек

АТТАН ЖЫҒЫЛМАЙТЫН ҚАЗАҚ ЖОҚ


Шайқалсын деп керемет тау шыңдары,
Әнге қосам мен сенің даусыңды әлі.
Күмбірлеген сен де бір домбырасың
Жүрегіңнің дей алман таусылды әні,
Әнге қосам мен сенің даусыңды әлі.
Сұлу сөзбен өзіңді кескіндеген,
Бала көрме мені енді ес білмеген.
Болған іске болаттай берік болу –
Жолың сенің емес қой еш жүрмеген.
Кең даланың әлі, аға, шырқаласың
Бұрын-соңды даусы боп естілмеген.
Кезің, аға, жоқ әлі жат көрінген,
Жүрегімнің орын ал қақ төрінен.
...Қала бардың ақырын сыпырылып,
Аударылған тоқымдай ат белінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу