Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  72


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЙТШЫ, АФРИКА

Бір жалын лаулап денемде,
Сол жанған күйі өлем бе?!
Сатқындарына жол беріп,
Қашанғы жүрем төменде!
Тәнін сатқандар,
Жанын сатқандар
Күні ертең
Туған ел, туған Отанын
Сатпайды әсте дегенге,
Айтшы, Африка, сенем бе?!
Бір жалын лаулап денемде,
Сол жанған күйі өлем бе?!
Сатқындарына жол беріп,
Қашанғы жүрем төменде!
Жарын сатқандар,
Арын сатқандар
Күні ертең
Туған ел, туған Отанын
Сатпайды әсте дегенге
Айтшы, Африка, сенем бе?!
Сен үшін,Африка,
Көңілімнің көк ала бұлтын жыртайын,
Сөйтіп, міне, шырқайтын жерде шырқайын.
Тәнін сатқандар,
Жанын сатқандар,
 Жарын сатқандар,
Арын сатқандар
Сені сатып кетпеуі үшін күні ертең,
Мен олардың бүгін көзін құртайын.
О, Африка,
Айналмайын десең өртеңге,
Мұндайды әсте қалдырмау керек ертеңге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу