Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  85


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖҮРЕГІНЕН ЕРЛЕРДІҢ САУЫТ КИГЕН


Қаңсып қалған шығар-ау мінбелер де,
Кім төменде,
Бұл күні кімдер өрде...
Мені емес,
Африканы қоса ұстады
Көрдей суық қараңғы түрмелерде.
Жырынды жау жағама жармасқалы
Не көрмедім,
Қанша жыл арбасқалы.
Қанша орманның ағашы қиылды, айтшы,
Мені емес,
Африканы дарға асқалы?!
Жылжытпай да,
Жібермей ерді ілгері,
Жылжытпай да,
Жібермей елді ілгері.
Қаншама зеңбіректен оқ атылды
Мені емес,
Африканы өлтіргелі?!
 Жылды өткеріп көңілге қауіп түйген,
Африка да күн кешер сауық, бимен.
Оны өлтіру бұл таңда мүмкін емес,
Жүрегінен ерлердің сауыт киген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу