Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  104


Автор: Рафаэль Ниязбек

СОҒЫС ЖЫЛҒЫ ЖАУҚАЗЫНДАР

Қаһары боп қаңтарда тоңғандардың,
Намысы боп құлаған қорғандардың, –
Соғыс жылы туғандар – жауқазындар
Орнына өскен өртенген ормандардың.
Со бір күндер тұлғасы шыңдай қатып,
Кеткенімен өрлігін мың байқатып.
Соғыс жылы туғандар –
Шын Қаһарман
Қиындығын өткерген тумай жатып.
Тас жігерді тасытып күйреп, талған
Сан қырқаға тағдырын сүйреп барған, –
Солар емей кім дейсің бір-бір үйдің
Шаңырығын құлатпай сүйеп қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу